Алланың игілігі мен сәлемі болсын! Әмин!
Алланың игілігі мен сәлемі болсын! Әмин!


Сағындым сені я,РасулаллаҺ!

Жеткізген Хақтан ең игі жолды,
Создырған көкке дұға етіп қолды.
Сағындым сені я,РасулаллаҺ
Жүзіңді көру ұлы арман болды.

Бірлігін Хақтың тынбай жеткізген,
Жүрекке нұрлы иман сепкізген.
Сағындым сені я,РасулаллаҺ,
Ұлы Аллаға құлшылық еткізген.

Көркем мінезбен үлгі де болдың,
Көшін бастадың ақиқат жолдың.
Сағындым сені я,РасулаллаҺ,
Талай үмметтің сағынышы болдың.

Иманның биік сенімінен Алла құлатпа,
Сабырды бергің төзетін барлық сынаққа.
Мүбәрәк жүзді құлыңды Алла сағындық,
Кездесуді жаз мәңгілік мекен Жұмақта.

Ай-Керім Мұраткызы.

ShauaShaua
9 жыл бұрын 3616
1 пікір
Блог туралы
0
859 1 5 0 3